12.05.2015, 18:49 3532

Қостанай облысында 100 шақты киік мерт болған

Үміткер Өӊірдегі киіктердіӊ қырылу себебі әзірше белгісіз. АШМ Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясыныӊ қызметкерлері Амангелді ауданына қарасты Жолаба жерінде 100 шақты өлі киікті тауып алған

Астана. 12 Мамыр. Kazakhstan Today - Үміткер Өӊірдегі киіктердіӊ қырылу себебі әзірше белгісіз. АШМ Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясыныӊ қызметкерлері Амангелді ауданына қарасты Жолаба жерінде 100 шақты өлі киікті тауып алған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазіргі кезде өлген киіктерге сараптама жасалып, олардыӊ мерт болу себебі анықталуда, деп хабарлайды khabar.kz тілшісі.

Болған оқиға жөнінде облыстық әкімшілікке және ТЖ, табиғатты қорғау прокуратурасыныӊ, ІІД-мен ветеринарлық қызметтіӊ аумақтық ведомстволарына тиісті ақпарат жіберілді.

Бұдан бұрын ақпан айында Ақтөбе облысында браконьерлер 60 киікті атып өлтіргені туралы хабарланған болатын. Киіктер жойылып кету қаупі төнген жануарлар қатарына жататынын айта кеткен жөн.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны