11.10.2006, 13:04 3666

Қостанай облысында қалың жауған қардың залал-зардаптары жойылуда

ҚОСТАНАЙ. 11-қазан. Kazakhstan Today. Қостанай облысында қалың жауған қардың залал-зардаптары жойылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Жаңбыр араласа жауған қалың қар Қостанайдағы коммуналдық қызметтерді біраз әбігерге салды. Сонымен бірге құлап қалған ағаштар мен бұталар көшелерді тазалауға кедергі келтіруде",- деп Kazakhstan Today тілшісіне қалалық әкімшіліктің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінен хабарлайды.

Қазір көшелерді қардан тазартуға 27 тазарту техникалары жұмылдырылған.

Қостанай облысында жексенбіден дүйсенбіге қараған түні қалың қар жауған. Өңірдің орталық бөлігіне ең көп қар түсті. Мәселен, жетіқарада бір тәулікте 15-36 мм қар жауса, Қарасу ауданында 31-36 мм қар түсті. Бұл бір айлық норма. Күн райын бақылаушылардың айтуынша, өңірге Каспий жағынан циклон келген.

Ал бүгін Қостанайда ылғалды ауа аязға ұласып, сынап бағанасы минус 2 градусқа дейін төмендеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны