30.03.2011, 16:06 3845

Қостанай облысында полиция қызметкері кәріз құбырына құлап кеткен баланы құтқарды

Қостанай облысында полиция қызметкері кәріз құбырына құлап кеткен баланы құтқарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қостана. 30 - наурыз. Kazakhstan Today - Қостанай облысында полиция қызметкері кәріз құбырына құлап кеткен баланы құтқарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қостанай облысы Таранов ауданының полиция взводының полицейі Андрей Рекута кәріз құдығына түсіп кеткен бес жасар баланы құтқарған.

Жұмастан үйіне қайтып келе жатқан полиция сержанты көмек сұраған дауысты естиді. Дауыс шыққан жаққа бұрылған ол жылап отырған жас қызды көреді, оның айтуынша, інісі абайсызда терең кәріз құдығына құлап кеткен.

Мұндайда уақытты зая келтірмеу керектігін түсінген полицей, дереу өтіп бара жатқан көлікті тоқтатып, одан алған сым темірді беліне байлап, құдық ішіне түсті. "Құдық ішінде қорқып қалған бүлдіршін сол мезетінде-ақ маған жабыса кетті. Мен оны иығыма шығарып, сыртқа алып шықтым", - дейді қайсар полицей А.Рекута.

Құтқарылған баланың отбасының полицейлерге айтар алғысы шексіз болды.

Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сержан А.Рекута марапаттауға ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны