24.04.2012, 09:57 3444

Қостанайда қоқыс тастаған адамдарға айыппұл салынып жатыр

Қостанай ІІБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Игорь Безносовтың сөзіне қарағанда, қоқыс тастап, абаттандыру ережесін бұзған 50-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке, темекі шегуге тиым салынған қоғамдық жерлерде ережені бұзған 48 адам жауапкершілікке тартылды. "Таза аула" акциясына қарапайым адамдармен қатар мемлекеттік қызметкерлер қатысуда.

Қостанай. 24-сәуір. Kazakhstan Today - Қостанайда өтіп жатқан "Таза аула" акциясы аясында полиция қызметкерлері көшелерде қоқыс тастаған адамдарды жауапкершілікке тартуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қостанай ІІБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Игорь Безносовтың сөзіне қарағанда, қоқыс тастап, абаттандыру ережесін бұзған 50-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке, темекі шегуге тиым салынған қоғамдық жерлерде ережені бұзған 48 адам жауапкершілікке тартылды. "Таза аула" акциясына қарапайым адамдармен қатар мемлекеттік қызметкерлер қатысуда.

Қалада сенбіліктер өткізілуде, тәртіп сақшылары әкімшілік жауапкершілік туралы еске сала отырып, рейд жұмыстарын жүргізіп, аумақтарды тазалау бойынша ескерту хабарламасын таратуда.

Ескерту хабарламалары 63 мекемелері мен 443 азаматқа берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны