22.04.2011, 11:23 4641

Қостанайда жаңа туған сәбиін жазық далаға тастап кеткен әйел 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Қостанайда жаңа туған сәбиін жазық далаға тастап кеткен әйел 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қостанай. 22 - сәуір. Kazakhstan Today - Қостанайда жаңа туған сәбиін жазық далаға тастап кеткен әйел 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қостанай қаласының № 2 сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа туған сәбидің денесі 10 қараша күні Қостанай маңынан табылған. Тергеу кезінде сәбидің анасы өз нәрестесін 14 қараша ауруханадан үйіне шығарған күні теміржол маңынан 150 метр ұзақтықтағы жерде қалдырып кеткендігі белгілі болған.

"25- жастағы әйел ҚР ҚК 97 "әйелдің жаңа туған баласын өлтіруі" бабы бойынша айыпты деп танылды. Айыпталушының осы факті бойынша өкінгендігін және оның бұрын сотталмағандығымен ескере отырып, оның бір жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айырып, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шығарылған", - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Фото: news.nur.kz

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны