12.05.2016, 13:11 4100

ҚР Искери-теӊіз күштерінде Армия ойындарына корабльдерді техникалық дайындау басталды

Армия халықаралық ойындарыныӊ "Теӊіз биатлоны" байқауына дайындалу шеӊберінде ҚР ҚК Искери-теӊіз күштерініӊ корабльдерінде қару-жарақтыӊ, негізгі және қосалқы тетіктердіӊ техникалық әзірлігін ұстап тұру бойынша жұмыстар басталды

Астана. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Армия халықаралық ойындарыныӊ "Теӊіз биатлоны" байқауына дайындалу шеӊберінде ҚР ҚК Искери-теӊіз күштерініӊ корабльдерінде қару-жарақтыӊ, негізгі және қосалқы тетіктердіӊ техникалық әзірлігін ұстап тұру бойынша жұмыстар басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алдағы Армия халықаралық ойындары байқауына қатысуға корабльдіӊ әзірлігініӊ негізгі мәселелерініӊ бірі қазіргі уақытта ерекше көӊіл бөлініп жатқан оныӊ техникалық әзірлігі болып табылады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

"Каспий теӊізі - 2016" теӊіз биатлонына қатысатын негізгі корабль болып белгіленген "Орал" зымыран-артиллериялық кораблі Аташ кентінде жөндеу жұмыстарынан өтуде. Жөндеу жұмыстарын "Зенит" Орал зауыты" АҚ жүргізуде.

Бүгінгі таӊда жөндеу жұмыстары, корабль корпусыныӊ суасты бөлігін тазарту және бояу, түпкі-борттық арматураларды тексеру және металдыӊ тат басуынан қорғайтын протекторлық қорғауыштарды ауыстыру жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстарына тікелей корабль командирі аға лейтенант А.Қ.Қапашевтіӊ басшылық етуімен корабль экипажы қатысуда.

Естеріӊізге сала кетейік, ҚР ҚК Искери-теӊіз күштері Армия халықаралық ойындары-2016 шеӊберінде "Каспий кубогы - 2016" (теӊіз биатлоны) халықаралық теӊіз байқауына қатысады. Биатлонға қатысатын негізгі және қосалқы корабльдер де белгіленіп қойды. Негізгі корабль "Орал" зымыран-артиллериялық кораблі, қосалқы "Сарыарқа" кораблі болып белгіленді. Корабль экипаждары 33 адамнан тұрады.

Өткен жылы ҚР ҚК ИТК-ніӊ командасы "Каспий кубогы" байқауына алғаш рет қатысқан болатын. Байқау қорытындысы бойынша командамыз бірінші орын алып, күміс медальдар жиынтығы мен "БЛ-680" жылдам жүретін қайықтыӊ иегері атанды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны