25.08.2011, 14:20 3572

ҚР ауыл шаруашылығы министрі Алматы облысының тауларында жапырылып қалған ағаштарды сол қалпында қалдыруды ұсынды.

Биыл бір ай аралығында болған қос дауыл Медеу шатқалындағы қарағай біткенді қиратып кеткен.

Алматы. 25-тамыз. Kazakhstan Today - ҚР ауыл шаруашылығы министрі Алматы облысының тауларында жапырылып қалған ағаштарды сол қалпында қалдыруды ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

КТК телеарнасының хабарлауынша, биыл бір ай аралығында болған қос дауыл Медеу шатқалындағы қарағай біткенді қиратып кеткен. 100 мыңға жуық ағаш қиратылып, олардың көлемі 90 мың текше метрді құраған. Мамандардың айтуынша, бұларды жинап алып, жағдайды қайта қалпына келтіру үшін бірнеше жыл уақыт керек. Алайда Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков осы мәселеге қатысты тосын мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, ағаштарды жинап алудың қажеті жоқ. Бұны ол шет ел тәжірибесіне сүйеніп айтып отырған көрінеді.

"Кезінде АҚШ-та мұндай апаттар болған, орманға еш тиіспеген. Сол күйінде қалып, табиғат өзі қайта қалпына келтірген. Сондықтан бұл жағдайда ешбір асығыстық жасамай, табиғатқа зиян келтірмей, бірақта туристік басқа да маңызды жерлерімізді басқа жағынан зерттеп, жан-жақты талдаймыз",- деп мәлім еткен ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны