02.07.2007, 18:04 2860

ҚР Білім және ғылым министрлігі кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жобасын жасауда

АСТАНА. 2-шілде. Kazakhstan Today. ҚР Білім және ғылым министрлігі кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жобасын жасауда. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде білім және ғылым вице-министрі Күләш Шәмшидинова құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазір кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жобасы жасалуда, бұл құжатта көптеген проблемалардың шешімі қарастырылады", - деді К.Шәмшидинова.

"Кейінгі жылдардағы талдау нәтижесі орта кәсіптік білім беру ошақтарында оқуын жалғастыруға ниеті бар оқушылардың саны тұрақты арта түскенін көрсетіп отыр. Облыстық, Астана және Алматы қалалық білім департаменттерінің болжамдық мәліметтеріне сәйкес, 2011-жылы 10-шы сынып бітірушілер саны 200 мыңнан асады, олардың 30%-і кәсіптік білім беру орындарында оқуын жалғастырмақ", - деді ол.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, қазір елімізде 320 кәсіптік мектеп пен 510 колледж бар, оларда 558,6 мың адам оқиды. Алғашқы сатылы кәсіптік білім игерген мамандар 138 мамандық бойынша, ал орта кәсіптік білім игерген мамандар 216 мамандық бойынша дайындалуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны