05.04.2017, 19:12 4871

ҚР Денсаулық сақтау министрі Қызылордаға келді

5 сәуір күні ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бастаған республикалық ақпараттық - насихаттық топ Елбасыныӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаҺандық бәсекелестікке қабілеттілік" атты Жолдауын түсіндіру мақсатында Қызылордаға келді.

Қызылорда. 5 сәуір. Kazakhstan Today - 5 сәуір күні ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бастаған республикалық ақпараттық - насихаттық топ Елбасыныӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаҺандық бәсекелестікке қабілеттілік" атты Жолдауын түсіндіру мақсатында Қызылордаға келді. АНТ мүшелері Қызылорда облысыныӊ ахуалдық орталығыныӊ жұмысымен танысып, облыс әкімі Қырымбек Көшербаевпен және аймақ активімен кездесті. Сонымен қатар медициналық ақпараттық жүйені енгізудіӊ таныстырылымын өткізді.

Облыстыӊ актив отырысында Елбасы Жолдауыныӊ басым бағыттары, оныӊ ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізудіӊ артықшылықтары түсіндірілді.

-2016 жылы медицина қауымына, тұрғындарға, жұмыс берушілерге түсіндіру, талқылау жұмыстары жүргізілді.Облыс көлемінде арнайы штабтар құрылып, жұмысы ұйымдастырылса, ақпараттандыру жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдарында кеӊінен насихатталды,- деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жиынды аша отырып.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен "Илеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамыныӊ басқарма төрайымыныӊ орынбасары Ерік Байжүнісов сақтандыру жүйесініӊ мүмкіндіктері туралы айтып, жиынға қатысушылардыӊ сауалдарына жауап берді.

Мұнан соӊ Қызылорда облысыныӊ денсаулық сақтау басқармасы мен "SANA-MED" ЖШС арасында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде №2 қалалық емхана жобасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды.

Осы күні ақпараттық-насихаттық топ мүшелері медициналық қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлермен және медицина қауымымен кездесті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны