04.12.2008, 19:04 3285

ҚР Денсаулық сақтау министрі жаңа вице-министрлерді таныстырды

ҚР Денсаулық сақтау министрі жаңа вице-министрлерді таныстырды

Астана. 4 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Астанада ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев жаңадан тағайындалған вице-министрлерді мекеме ұжымына таныстырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Министрлікте бүгін өткен алқа мәжілісі барысында министр ведомство ұжымына жаңадан тағайындалған вице-министрлер мен Елбасының өкімімен бекітілген Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа жауапты хатшысы Болат Садықовты таныстырды.

Денсаулық сақтау вице-министрлері болып Елжан Біртанов пен Тамара Вощенкова тағайындалды. Е. Біртанов денсаулық сақтау саласының ұзақ және қысқа мерзімді стратегиясымен, сонымен қатар қаржы мәселелерімен айналысатын болады. Ал Т. Вощенковаға осы саладағы емдеу сапасын қадағалау мен емдеу департаментін басқару жүктелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны