15.07.2016, 18:56 4483

ҚР ДСИДМ мен Тэгу қаласы Католиктік университетініӊ медициналық орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін ҚР ДСИДМ-де өткен екіжақты кездесудіӊ нәтижесінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Елжан Біртанов пен Тэгу қаласындағы (Корея Республикасы) Католиктік университеті медициналық орталығыныӊ директоры Квон О Чун денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Астана. 15 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР ДСИДМ-де өткен екіжақты кездесудіӊ нәтижесінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Елжан Біртанов пен Тэгу қаласындағы (Корея Республикасы) Католиктік университеті медициналық орталығыныӊ директоры Квон О Чун денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жоғарыда аталған құжат тараптардыӊ келесі бағыттар бойынша ынтымақтастығын қарастырады: Корея Республикасында қазақстандық медициналық кадрлардыӊ оқуы мен ҚР азаматтарыныӊ емделуі, сонымен қатар, халықаралық семинарлар, форумдар, симпозиумдарға бірге қатысуы.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны