22.01.2016, 22:09 3937

ҚР ДСИДМ тұмаумен сырқаттанған адамдарды емдеуге қажетті барлық шараларды қолдануда

21 қаӊтардағы мәліметтерге сәйкес, республика емханаларына "Тұмау" диагнозымен 90 пациент қабылданды. Сырқаттанған адамдардыӊ жағдайы тұрақты деп бағаланды. Сонымен қатар, олар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ бақылауында

Астана. 22 қаӊтар. Kazakhstan Today - 21 қаӊтардағы мәліметтерге сәйкес, республика емханаларына "Тұмау" диагнозымен 90 пациент қабылданды. Сырқаттанған адамдардыӊ жағдайы тұрақты деп бағаланды. Сонымен қатар, олар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ бақылауында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгінгі таӊда Қазақстанныӊ медициналық ұйымдары қажетті дәрі-дәрмектер, жабдықтар, вирусқа қарсы дәрілердіӊ кемімейтін қоры мен залалсыздандыру құралдары, сондай-ақ, жеке қорғану құралдарыныӊ (респираторлар, маскалар) артық қорымен қамтамасыз етілген. Республиканыӊ 19 жұқпалы аурулар емханасында ауруларға медициналық көмек көрсету мақсатында 6277 аурухана төсегі қарастырылған.

Сонымен бірге, республиканыӊ барлық аймақтарында ЖРВИ мен тұмауды ерте кезеӊде анықтау мақсатында аулалық тексерулер ұйымдастырылды.

Қазақстанда аурудыӊ алдын алу мақсатында эпидемиологиялық маусым басталмай тұрып тұмауға қарсы вакциналау жүргізілетінін атап айту керек. 2015 жылғы қазан мен қараша айларыныӊ аралығында 1 млн. 700 мыӊ адам, оныӊ ішінде жалпы республика тұрғындарыныӊ 10%-ын құрайтын осал топ өкілдері (созылмалы өкпе, жүрек-қантамырлық ауруларымен сырқаттанған, иммунитет тапшылығы бар, әлсіз және жиі ауыратын балалар, медициналық қызметкерлер, жүкті әйелдер және т.б.) егілді.

Тұмау - бұл ауа арқылы жылдам таралатын, вирустық тұмаудан туындайтын жіті инфекциялық ауру. Аурудыӊ қауіпті кезеӊінде жоғарғы дене қызуы, бас ауруы, бұлшықет пен буындардыӊ ауруы байқалып, одан кейін мұрын бітеліп, жөтел пайда болып, тамақ ауыра бастайды. Дәрігерге дер уақытында қаралмау, оныӊ тағайындаған емін қабылдамау, қосымша созылмалы аурулардыӊ болуы өкпеніӊ қабынуы, бронхит, бронхопневмония сияқты ауыр асқынуларға әкеліп, өлімге себепші болуы мүмкін.

ҚР ДСИДМ күз-қыс уақытында жеке қорғану құралдарын қолдануға - бір рет пайдаланатын маскалар, оны әрбір 3 сағат сайын ауыстырып тұруға; аурудыӊ бірінші белгілері пайда болғанда дәрігерге қаралуға; тағайындалған дәрі-дәрмектерді қолдану режимін сақтауға; гигиеналық ережелерді сақтау - жиі қол жуу; адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауға; өздігінен емделмеуге кеӊес береді.

Естеріӊізге сала кетейік, ҚР ҰЭМ Тұтынушылар құқығын қорғау комитетініӊ мәліметі бойынша, 2016 жылдыӊ 15 қаӊтарындағы ақпаратқа сәйкес, эпидемиологиялық маусымныӊ басынан бастап (2015 жылдыӊ 1 қазанынан) 270 тұмаудыӊ зертханалық дәлелденген жағдайы мен 229-дан астам ЖРВИ тіркелген болатын. Сырқаттанған адамдардыӊ басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл жалпы көрсеткіштіӊ 70%-ын құрайды. Мониторинг нәтижесі бойынша елімізде тұмау мен ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бақылау көрсеткіштері шамадан шыққан жоқ. Өткен жылғы кезеӊмен салыстырғанда, аталған аурумен сырқаттану 13%-ға төмендеген.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны