26.01.2009, 18:57 3267

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биыл кәсіби біліктілігі тқмен шетелдік жұмыс күшін тартуға тыйым салуды жоспарлауда

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биыл кәсіби біліктілігі тқмен шетелдік жұмыс күшін тартуға тыйым салуды жоспарлауда

Астана. 26 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биыл кәсіби біліктілігі тқмен шетелдік жұмыс күшін тартуға тыйым салуды жоспарлауда. Бұл туралы еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев бүгін үкіметте өткен селекторлық жиыннан кейін мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазір біз шетелдерден төртінші санаттағы жұмыс күшін, яғни, кәсіби біліктілігі төмен жұмысшылар мен маусымдық жұмысшыларды тартуға биыл мүлдем тыйым салу жайын қарастырып жатырмыз", - деді Б. Сапарбаев.

Министрдің нақтылауынша, қазір шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы 0,7% құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны