06.04.2010, 13:54 3131

ҚР индустрия және жаңа технологиялар жөніндегі жаңа вице-министрлер тағайындалды

ҚР индустрия және жаңа технологиялар жөніндегі жаңа вице-министрлер тағайындалды

Астана. 6 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрінің жаңа орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ақпарат басқармасының хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары болып Берік Камалиев тағайындалды, ол бұған дейін "Сарыарқа" ИКК ҰК" АҚ-ның басқармаларының төрағасы болған. Сондай-ақ, бұған дейін ҚР энергетика және минералды ресурстар вице-министрі болған Дүйсенбай Тұрғанов ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Сондай-ақ, ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрінің тағы бір орынбасары қызметіне Нұрмұхамбет Ибдібеков тағайындалды, ол бұған дейін ҚР Индустрия және сауда министрлігінің өнеркәсіп комитетінің төрағасы болған.

Бұған дейін ҚР индустрия және сауда вице-министрі болған Тимур Жақсылықов ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Басқа жұмысқа ауысуына байланысты Ерхат Есқалиев индустрия және сауда вице-министрі қызметінен босатылды. Бұған қоса басқа жұмысқа ауысуына байланысты Нұрбек Раев индустрия және сауда вице-министрі қызметінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны