25.01.2016, 18:25 4272

ҚР ҚК үшін қазақстандық броньды автомобильдіӊ жаӊа түрін дайындауда

Қазақстанныӊ Қарулы Күштерін қазақстандық өндірістіӊ броньдалған техникасыныӊ жаӊа түрімен қамтамасыз етеді.

Астана. 25 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ Қарулы Күштерін қазақстандық өндірістіӊ броньдалған техникасыныӊ жаӊа түрімен қамтамасыз етеді. "Барыс" 6х6 броньдалған дөӊгелекті машинасы - "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" ЖШС отандық зауытымен әзірленген өнім. ҚР ҚК Құрлық әскерлерініӊ әскери техниканыӊ осы типіндегі қажеттілігі кезінде броньды машина өндіріске енгізілуі мүмкін және қазақстандық армия әскери техникасыныӊ арсеналын толықтырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

3 STANAG деӊгейіндегі броньдалған корпус жерүсті миналардан, қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардан, бүйірлі жарылыстар мен ҚТГ-ныӊ шабуылдарынан қорғанысты қамтамасыз етеді. 22,5 тонналы салмақтағы мобильді және шиналарға байланысты 110 км/с дейін жылдамдықты үдете алады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Машина броньды транспортер немесе ПКТ-ныӊ қосарлама оқшашарымен автоматты зеӊбірегі бар жауынгерлік модульді орнату кезінде жаяу әскердіӊ жоғары тиімді жауынгерлік машинасы ретінде қолданылады. Машинада жүргізушіге, командирге, көздеушіге және қару, оқ-дәрілері мен керек-жарағы бар 8 толыққанды жабдықталған жаяу әскерге арналған орын жеткілікті.

Қазіргі уақытта Қазақстан Қарулы Күштері үшін "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" ЖШС зауыты 4х4 "Арлан" БКМ партиясын әзірлеп жатқанын айта кеткен жөн. Отандық зауытта өндірілген аталған броньды машиналардыӊ алғашқы партиясын жеткізу ағымдағы жылға жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны