03.03.2015, 09:28 3653

ҚР ҚМ Искери-техникалық мектебініӊ 70 тәрбиеленушісі әскери ант қабылдады

Ұлы Отан соғысында құрбан болған жауынгерлерге мәӊгілік тағзым ескерткіші басында өткен салтанатты іс-шарада әр тәрбиеленуші Отан алдында адал қызмет атқаруға ант беріп

Тараз. 3 наурыз. Kazakhstan Today - Тараз қаласындағы ҚР Қорғаныс министрлігі Искери-техникалық мектебі қатарын әскерге шақыртылу жасындағы 70 қазақстандық толықтырды. Ұлы Отан соғысында құрбан болған жауынгерлерге мәӊгілік тағзым ескерткіші басында өткен салтанатты іс-шарада әр тәрбиеленуші Отан алдында адал қызмет атқаруға ант беріп, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ қатарына кірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазақстан Қарулы Күштерініӊ лайықты әскери-оқытылған резерв даярлау - біздіӊ мектебіміздіӊ басты міндеті. Былтырғы жылы біздіӊ оқу орыны 16 взвод немесе 500-ден астам адам даярлады", - деп салтанаттты рәсімде ҚР ҚМ Искери-техникалық мектебі тараздық филиалыныӊ директоры запастағы подполковник Алексей Голубев атап өтті.

Искери мектептіӊ жаӊа тәрбиеленушілері оқу үдерісіне кіріседі. Олар 40 оқу күні ішінде әскери-оқытылған резерв даярлау бағдарламасыныӊ аясында әскери-техникалық мамандықтардыӊ біреуін меӊгереді.

Атап айтсақ, жақында "мерген" мамандығы бойынша білім алған тәрбиеленушілердіӊ кезекті түлектерініӊ бітіру рәсімі өтті. Оқу бағдарламасыныӊ аясында олар тактикалық, саптық және оқ ату даярлығыныӊ ерекшеліктерін зерделеп, "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығыныӊ "Айша бибі" полигонында тәжірибелік сабақтарға қатысты. Содан соӊ тәрбиеленушілер сынақтарын сәтті тапсырып болған соӊ, курстарды аяқтағаны туралы сертификаттарды алды және әскери билетті алу құқығына ие болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны