14.07.2015, 11:29 3287

ҚР ҚМ спорт клубыныӊ әскери қызметшісі Риода өтетін Олимпиадаға жолдама жеӊіп алды

ҚМ Армияныӊ орталық спорт клубына қарасты топтыӊ спортшысы, былғары қолғап шебері аға сержант Біржан Жақыпов Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға жолдама ұтып алды

Астана. 14 Шілде. Kazakhstan Today - ҚР ҚМ Армияныӊ орталық спорт клубына қарасты топтыӊ спортшысы, былғары қолғап шебері аға сержант Біржан Жақыпов Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға жолдама ұтып алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Армия спортшысы Гуйян (Қытай) қаласында өткен жарыста эквадорлық былғары қолғап шебері Карлос Пилатаксиді жеӊіп, Олимпиада ойындарына жолдама алды. Шешуші жекпе-жек 2-0 есебімен қазақстандық боксшыныӊ пайдасына аяқталды.

"Мен жеӊісті қолдан бергім келмеді, еліміз және біздіӊ армия менімен мақтанғанын қаладым. Бұл жеӊіс ұзақ, әрі қажырлы жаттығулар мен Қазақстан Республикасы құрамасыныӊ бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановтыӊ пайдалы тәлімініӊ нәтижесінде келді", - деді спортшы.

Біржан Жақыпов бокстан әлем чемпионы және ҚР былғары қолғап шебері екенін айта кеткен жөн. Ол - 2005 жылғы әлем чемпионатыныӊ және 2008 жылғы әлем кубогыныӊ қола жүлдегері, Азия ойындарыныӊ екі мәрте күміс жүлдегері, Пекинде және Лондонда өткен Олимпиадалардыӊ қатысушысы.

Естеріӊізге сала кетсек, бұрын ҚР ҚМ Армияныӊ орталық спорт клубыныӊ капитаны, жеӊіл атлет Ольга Рыпакова Шанхайда өткен Diamond Leauge (Брилиантты лига) жарысыныӊ екінші кезеӊінде қола медаль иеленді. Жарыстағы сәттілігі спортшыға бұл жолы да Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына жолдамамен қамтамасыз етті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны