30.07.2007, 14:34 3030

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі сары фосфорды Беларусь арқылы транзитті тасымалдау мәселесін бір аптада шешпекші

АСТАНА. 30 шілде. Kazakhstan Today. ҚР Көлік және коммуникация министрлігі сары фосфорды Беларусь арқылы транзитті тасымалдау мәселесін бір аптада шешпекші. Бұл туралы министр Серік Ахметов бүгін үкіметте өткен селекторлық жиын барысында мәлім етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Беларусь мәселесі бойынша біз темір жол компанияларымен ел аумағы арқылы транзитті айқындау үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Меніңше, біз бұл мәселені осы аптада реттейтін шығармыз", - деді С. Ахметов.

Ол сондай-ақ "Украина транспорт министрімен келіссөздер жүргізіп, Беларусь транспорт министріне тиісті хат жолдағанын" хабарлады. С. Ахметов "сары фосфордың Украина аумағы арқылы транзиті төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысы аяқталғанға дейін уақытша тоқтатылғанын" жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны