16.02.2012, 10:17 3508

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің жаңа вице-министрі тағайындалды

Бүгін Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай ұжымға ҚР Үкіметінің қаулысымен тағайындалған жаңа вице-министр Арман Қырықбаевты таныстырды.

Астана. 16-ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің жаңа вице-министрі тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай ұжымға ҚР Үкіметінің қаулысымен тағайындалған жаңа вице-министр Арман Қырықбаевты таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Асқар Бөрібаев өзінің қызметінде қалды.

Қырықбаев Арман Оразбайұлы, 1976 жылы туған. Екі жоғары білімі бар. Қазақ мемлекеттік басқару академиясы мен ҚР Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген. Біліктілігі бойынша халықаралық экономист, халықаралық қатынастар саласының маманы.

Еңбек жолын 1997 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінде референт болып бастаған. Содан кейін Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшілігінде атташе, үшінші хатшы, ТМД Комитетінің Орталық Азия және Кавказ елдері бөлімінің екінші хатшысы қызметтерін атқарды. Медеу ауданы әкімінің орынбасары, Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры болды. Соңғы кезде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

2010 жылдың 11 қаңтарыннан бастап Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны