11.12.2007, 13:52 1456

ҚР премьер-министрі Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді

ҚР премьер-министрі Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді

Ақтөбе. 11 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ақтөбе облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, үкімет басшысының облыстағы сапары Жаңажол газ өңдеу зауытынан басталады.

"Премьер-министрдің келесі баратын нысанасы- Ақтөбе облысының Темір ауданындағы орналасқан Кенқияқ-Құмкөл мұнай құбыры. Оның құрылысын "Қазақстан-Қытай құбыры" ЖШС жүргізуде", - деп хабарлады баспасөз қызметінде.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, екінші күннің жартысында К. Мәсімов батыс аймағында орналасқан бірінші Батыс -Қазақстан медициналық академиясының кардиохирургиялық орталығының және "Алатау" сауда және көңіл көтеру кешенінің ашылу рәсіміне қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны