02.09.2016, 08:07 2172

ҚР Премьер-министрі Астанадағы республикалық физика-математика мектебініӊ филиалына барды

Оқуға түскен 200 оқушы тегін оқу грантын ұтып алған.

Астана. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Білім күні Астанадағы республикалық физика-математика мектебініӊ филиалына барды.

Білім және ғылым министрлігін?? мектепке дейінгі және орта білім беру департаментініӊ директоры Жаӊыл Жонтаев айтып өткендей, бүгін республикалық физика-математика мектебінде алғашқы қоӊырау соғылды.

"Биыл мектепке 900 оқушы қабылданды. Бұл Алматыда орналасқан танымал физика-математикалық мектебініӊ филиалы. Физика-математика мектебі - елдегі еӊ үздік мектеп қана емес, ол ТМД елдері бойынша алдыӊғы қатарлы болып есептеледі. Балалар 1-10 сыныпқа байқау нәтижесінде қабылданды. Мектепте 70 ұстаз іріктеуден өтіп, білім бермек", - деді Ж.Жонтаева.

"Оқушылар математика, химия, физика олимпиадаларында медальдарға ие болды", - деді ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаментініӊ директоры.

Оқуға түскен 200 оқушы тегін оқу грантын ұтып алған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны