30.11.2015, 13:57 8095

ҚР Президенті 2017 жылдан бастап тегін кәсіби-техникалық білім беру енгізілетінін жариялады

2017 жылдан бастан Қазақстанда кәсіби-техникалық оқу орындарында тегін оқу енгізілетін болады, деп мәлімдеді бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында

Астана. 30 қараша. Kazakhstan Today - 2017 жылдан бастан Қазақстанда кәсіби-техникалық оқу орындарында тегін оқу енгізілетін болады, деп мәлімдеді бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2017 жылдан бастап жалпыға бірдей тегін кәсіби-техникалық білім беруді жариялаймын", - деді ҚР Президенті, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

"Мектепті бітіріп, оқуға түспей қалған жастарды бірінші жұмысшы мамандықты алуды ұсынамыз. Үкімет оны жүзеге асыруға кіріссін", - деп атап өтті Н.Назарбаев.

Еліміздіӊ жастарына қарата сөйлеген сөзінде ол жұмысшы кәсіптерді белсенді игеруге шақырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны