28.03.2007, 18:30 3075

ҚР СІМ мен қоршаған ортаны қорғау министрлігі Еуропаның экология министрлерінің кеңесін 2008-жылы Астанада өткізуге бастама көтерді

АСТАНА. 28-наурыз. Kazakhstan Today. ҚР СІМ мен қоршаған ортаны қорғау министрлігі Еуропаның экология министрлерінің кеңесін 2008-жылы Астанада өткізуге бастама көтерді. Бұл туралы еліміздің қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов бүгін тұрақты даму және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі халықаралық бизнес-форум барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Тұрақты даму тұжырымдамасына сәйкес Қазақстан халықаралдық сахнадағы тұрақты дамуға қатысты өз іс-қызметін пәрмендендіре түсуге тиіс",- деді министр. Оның айтуынша, осыған байланысты ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі республиканың сыртқы саясат мекемесімен бірлесіп Еуропаның экология министрлерінің кеңесін 2008-жылы, ал Азия және Тынық мұхиты аймағының Еуропаның экология министрлерінің кеңесін 2010-жылы Астанада өткізуге бастама көтерді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны