26.05.2017, 14:01 4631

ҚР Тұӊғыш Президенті қоры Ақмола облысындағы талантты жастарға қолдау көрсететін болады

Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин мен Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президентi қорыныӊ атқарушы директоры Қанат Жұмабаев екi жақты әрiптестiк туралы меморандумға қол қойды.

Көкшетау. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин мен Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президентi қорыныӊ атқарушы директоры Қанат Жұмабаев екi жақты әрiптестiк туралы меморандумға қол қойды. Кездесуде қордыӊ атқарушы директоры №1 облыстық арнайы коррекциялық мектепке "Монтессори кабинетi" кешенiн сатып алуға сертификат тапсырды. Облыс басшысы Ақан серi, Бiржан сал, Үкiлi Ыбырай, Балуан Шолақ сияқты қазақтыӊ саӊлақ өнер тұлғалары шыққан астаналық облыста талантты жастардыӊ қанаттануына қолдау көрсетiп келе жатқан Тұӊғыш Президент қорыныӊ атқарып отырған жұмыстарына ризашылығын бiлдiре отырып, табыс тiледi. Қордыӊ атқарушы директоры Қанат Жұмабаев өз кезегiнде облыстағы жоғары және арнаулы орта бiлiм беретiн оқу орындарында болып, кездесулер өткiзгендiгiн, талантты жастардыӊ көптiгiн айтып, қордыӊ қаржылық мүмкiндiктерi шеӊберiнде қолдау көрсететiндiктерiн тiлге тиек еттi. Қор отандық ғылым және ақпарат технологияларын дамытуға өз үлестерiн қосқысы келетiн талантты жастарға арналған "Smart Zholy", "Science Slam", "Ғылым" фестивалi" жобаларын жүзеге асыруда. Биылғы жылдыӊ өзiнде қор сексеннен астам iс-шараны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны