05.05.2009, 18:40 3173

ҚР Тұңғыш Президентінің қорының жас ғалымдар мен өнер адамдарын қолдау байқауының жеңімпаздарына гранттар тапсырылды

ҚР Тұңғыш Президентінің қорының жас ғалымдар мен өнер адамдарын қолдау байқауының жеңімпаздарына гранттар тапсырылды

Алматы. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда бүгін ҚР Тұңғыш Президентінің қоры жас ғалымдар мен жас өнер адамдарын қолдау бағдарламасы аясында бір топ жас ғалымдар мен шығармашыл жастарға гранттар тапсырды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

ҚР Тұңғыш Президентінің қоры жас ғалымдар мен өнер мамандарына ғылыми зерттеу жүргізу, шетелдік ғылыми-мәдени шараларға қатысуға мүмкіндік беру мақсатында гранттар конкурсын жыл сайын өткізіп келеді. Биылғы конкурсқа еліміздің барлық облысынан 100-ден астам өтініш түскен. Солардың арасынан беделді байқау комиссиясы 11 жұмысты іріктеп алған.

Байқау қорытындысы бойынша шығармашылық жобалар аталымында Алмагүл Орынбаева (актриса), Ижі Көбенов ( "Дарынды қолдау" ҚҚ), Ақерке Тәжібаева (қобызшы), Елена Волкова ("HASSANAT" өнер галареясы), Динара Мерғалиева (А.Селезнева атындағы АХК), Исел Шалахметова ("Дизайн академиясы"), Гүлжан Кударинова (Қарағанды тарихи-өлкетану мұражайы) и Ерлан Көкеевтың ("К-7"продюсерлік орталығы) мерейі үстем болды. Ғылыми зерттеу бойынша 3 жас ғалымға, шетелдік мәдени-ғылыми шараларға қатысу грантына 4 жас ғалым мен өнер адамына грант берілді. Бұл 4 жас ғалым мен шығармашыл жастар Корея, АҚШ, Германия елдеріндегі шараларға қатысып, тәжірибе алмасып қайтпақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны