01.02.2010, 17:31 3606

ҚР ТЖМ-нің құтқарушы бөлімшелері автокөлік техникасымен 30%-ға қамтамасыз етілген - Божко

ҚР ТЖМ-нің құтқарушы бөлімшелері автокөлік техникасымен 30%-ға қамтамасыз етілген - Божко

Астана. 1 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР ТЖМ-нің құтқарушы бөлімшелері автокөлік техникасымен 30%-ға қамтамасыз етілген. Бұл туралы бүгін ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мекемеде өткен алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біздің сұранысымыз үлкен: біз материалдық-техникалық жарақтану деңгейімізді, өрттен сақтандыру жүйелерін бекіте түсуіміз қажет. Бізге 1300 өрт цистернасы мен арнаулы автокөліктер жетіспейді. ТЖМ-нің құтқарушы бөлімшелері автокөлік техникасымен 30%-ға қамтамасыз етілген. Біз сонымен бірге авиацияны Алматыдан Астанаға көшіруіміз қажет. Бізге 175 өрт сөндіру депосы жеткіліксіз, өйткені бізде Астана мен Алматыда өрт сөндіру деполарының саны қажетті көлемнен екі есе аз", - деді В. Божко.

Өз кезегінде алқа мәжілісі барысында Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов былай деді: "Сіз қазір материалдық-техникалық жарақтану деңгейін көтеру жайын қозғадыңыз. Бірақ оны ағымдағы жылы жүзеге асыруға мүмкіндік бар дегенге сенімім аз". Алайда ол "Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне бұл мәселеге 2011 - 2013 жылдарға арналған бюджетті жоспарлайтын кезде баса назар аударуды" тапсырды.

Осы орайда үкімет басшысы атап өткендей, қазіргі бар "еліміздегі индустриялық база техногендік апаттардың болу мүмкіндігін көрсетіп отыр". "Сол себепті біз материалдық-техникалық тұрғыдан қандай жағдайға болмасын тез арада жауап қата алатындай деңгейде дайын болуымыз қажет", - деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны