28.10.2015, 12:02 3900

ҚР ҰҚК Шекара қызметініӊ "Жағалау күзеті" өӊірлік басқармасыныӊ теӊіз шекарашылары әскери-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ресейлік теӊіз шекарашыларына көмек көрсетіп, теӊіз бетінде заӊсыз жүрген шағын жүзу құралын бірлесіп ұстады.

Тексеру барысында жүзу құралыныӊ да, ондағы азаматтардыӊ да ешқандай құжаттары жоқ болып шықты. Жүзу құралында "Ямаха-200" деп аталатын екі қозғалтқыштыӊ бар екендігі анықталды.

Астана. 28 Қазан. Kazakhstan Today - Атап айтқанда, осы жылдыӊ 27-қазан күні 14 сағат 15 минутта Солтүстік Каспий бағытымен жауынгерлік тапсырма орындауға шыққан ҚР ҰҚК Шекара қызметініӊ "Қарағанды" кемесіне Ресейдіӊ Федералдық Қауіпсіздік қызметініӊ Шекара қызметіне қарасты "Канин" кемесі және екі шекарашы катері байланысқа шығып, теӊізде заӊсыз жүрген "Байда" типтес шағын жүзу құралын ұстауға көмек көрсетуді өтінді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Көршілердіӊ" өтініші бойынша дереу қимылға көшкен "Қарағанды" катері ресейлік шекара катерімен бірлесе отырып, арада 20 минут өткенде (сағат 14.35-те), бортында 3 дағыстандық азаматы бар "Байданы" қыспаққа алып, ұстады.

Тексеру барысында жүзу құралыныӊ да, ондағы азаматтардыӊ да ешқандай құжаттары жоқ болып шықты. Жүзу құралында "Ямаха-200" деп аталатын екі қозғалтқыштыӊ бар екендігі анықталды.

Қашқан байданы "құрықтау" барысында қару қолданылған жоқ.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны