15.08.2012, 09:45 2907

ҚР Ұлттық банкі ұялы телефон арқылы салық төлеу қызметін іске қосты

Смартфондарында жоғарыдағы қосымшаларды қондырған пайдаланушылар көлік, жер және мүлік салықтарының төлемідерін жүргізе алады. Жаңа қызмет түрі іске қосылғаннан кейін клиенттер ендігі жерде салық төлемін жылдам әрі оңай және кез келген уақытта жүргізуге мүмкіндік алып отыр.

Алматы. 15-тамыз. Kazakhstan Today - "Қазақстан Халық Банкі" елімізде бірінші болып мобильдік телефондар үшін "HalykBank" және "Halyk+Beeline" қосымшалары арқылы салық төлемдерін жүргізуді іске қосты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Смартфондарында жоғарыдағы қосымшаларды қондырған пайдаланушылар көлік, жер және мүлік салықтарының төлемідерін жүргізе алады. Жаңа қызмет түрі іске қосылғаннан кейін клиенттер ендігі жерде салық төлемін жылдам әрі оңай және кез келген уақытта жүргізуге мүмкіндік алып отыр.

Қосымшаны пайдаланушылар салық төлемдері деген бөлімге өту арқылы, төлейтін салық түрін таңдап, өзінің жеке СТН-н және салық органының кодын енгізулері керек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны