29.01.2015, 16:56 4293

ҚР-да өӊдеу секторында 20 қазақстандық-қытай жобасын жүзеге асыру жоспарланған - И.Исекешев

Министрдіӊ айтуынша, барлық бірлескен жобалар индустриаландырудыӊ екінші бесжылдығымен анықталған басымдықты секторларда жүзеге асырылады.

Астана. 28 қаӊтар. Kazakhstan Today - ҚР аумағында өӊдеуші өнеркәсіптегі Қазақстан мен Қытайдыӊ бірлескен 20 жобасы жүзеге асырылмақ, деп хабарлады бүгін инвестиция және даму министрі Исет Исекешев Астанада өткен Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы отырысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Дайын өнімдер немесе қосымша құны жоғары өнімдер шығаруға бағытталған өӊдеу өнеркәсібіндегі 20-дан астам жоба қаралуда. Сондай-ақ, біздіӊ және қытай тарабы жаӊа жобаларды әзірледік, соларды бүгін талқылаймыз. Наурыз айында осы жобалар бойынша барлық келісімдер мен меморандумдарға қол қоямыз деген үміттемін", - деді И.Исекешев, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Министрдіӊ айтуынша, барлық бірлескен жобалар индустриаландырудыӊ екінші бесжылдығымен анықталған басымдықты секторларда жүзеге асырылады.

Инвестициялық форум ұйымдастырушылары хабарлағандай, 100-ден астам бастама қарауға ұсынылды. Талқылау бес салалық секцияда жүргізіледі: тау-кен металлургиялық кешендегі; энергетика мен мұнай өӊдеудегі; машина құрастырудығы; құрылыс индустриясы мен химия өнеркәсібіндегі; көлік инфрақұрылымы мен логистикадағы; азық-түлік және жеӊіл өнеркәсіптегі жобалар бойынша.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны