26.06.2015, 13:07 3587

ҚР-да сарапшылар дайындайтын мектеп ашу жоспарлануда

"Алдағы 3,5 жылдыӊ көлемінде Ұлт Көшбасшысыныӊ Сараптама орталығы кәсіби сарапшыларды дайындайтын ұлттық мектеп құрып, әлемдік деӊгейдегі жетекші деген "ойлау фабрикасы" өкілдерініӊ қатарына кіруді жоспарлап отыр, деді Ұлт Көшбасшысы кітапханасы директорыныӊ орынбасары Тимур Шәймергенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында

Астана. 26 Маусым. Kazakhstan Today - "Алдағы 3,5 жылдыӊ көлемінде Ұлт Көшбасшысыныӊ Сараптама орталығы кәсіби сарапшыларды дайындайтын ұлттық мектеп құрып, әлемдік деӊгейдегі жетекші деген "ойлау фабрикасы" өкілдерініӊ қатарына кіруді жоспарлап отыр, деді Ұлт Көшбасшысы кітапханасы директорыныӊ орынбасары Тимур Шәймергенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Алдағы 3-5 жылдыӊ көлемінде кітапхана еӊ үздік стандарттар бойынша кәсіби сарапшылар дайындайтын жеке ұлттық сарапшылар мектебін қалыптастыруды жоспарлап отыр. Өкінішке орай, бүгінде Қазақстанда оларды дайындамайды",-деді Т.Шәймергенов, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Оныӊ сөзінше, кітапхананыӊ сараптау орталығы еӊ үздік әлемдік оқулықтар мен әдістемелер негізінде қолданбалы сараптау әдістемесі бойынша бірінші оқулық дайындау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Қазіргі таӊда біз сараптау әдістемесі бойынша кеӊ ауқымды кәсіби кітапхана, мемлекеттік басқару бағытындағы үздік мектептердіӊ кеӊестері негізінде оқулықтар дайындаудамыз. Бұл бірінші сараптама бойынша бірінші ұлттық оқулықты, аталған саланыӊ мамандарын дайындауда жақсы негіз болады. Бұл Қазақстандағы сараптамалық қоғамдық қалыптастыру ісіне қосылған айтарлықтай үлес болады деген ойдамын",-деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны