05.05.2010, 17:55 3688

КСРО-ның Ұлы Отан соғысындағы жалпы адам шығындары 26,6 млн адамды құрады - мекемеаралық комиссия

КСРО-ның Ұлы Отан соғысындағы жалпы адам шығындары 26,6 млн адамды құрады - мекемеаралық комиссия

Алматы. 5 мамыр. Kazakhstan Today - КСРО-ның Ұлы Отан соғысындағы жалпы адам шығындары 26,6 млн адамды құрады. Мұндай мәліметтерді соғыс жылдарындағы шығындарды есептеу жөніндегі мекемеаралық комиссия жария етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Вести.Ru" сайтына сілтеме жасап.

"Біздің мекемеаралық комиссияның жұмысы іс жүзінде аяқталды. Нақтыланған мәліметке сәйкес, Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысындағы жалпы адам шығындары 26,6 млн адамды құрады. Қиыр Шығыстағы ұрыстарды қоса есептегенде, Қарулы күштердің жеке құрамының қайтарымсыз жауынгерлік шығындары 8 668 400 адам болды", -деді комиссияның хатшысы Александр Кирилин. Армия мен флотта соғыс жылдарында 8 509 300 адам, шекара әскерлерінде - 61 400, ІІМ-нің Ішкі әскерлері қатарында - 97 700 адам опат болған.

"Майдан және майдан күштерінің жауынгерлік ұрыс қимылдарына қатысқан Халық жасағы бөлімшелері мен бөлімдерінің, партизан отрядтарының, азаматтық министрліктер мен мекемелердің құрылымдарының жеке құрамының шығындары ел азаматтарының жалпы шығыны аясында ескерілді", - деді А. Кирилин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны