15.01.2013, 17:09 3236

ҚТЖ 23 мың жүк вагонын "Қазтеміртранс" АҚ-ның басқаруына аударды

2013 жылғы 1 қаңтарға дейін "Қазтеміртранс" АҚ (Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның 100 пайыздық еншілес компаниясы) басқаруына 23 мың жүк вагоны берілді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Астана. 15-қаңтар. Kazakhstan Today - ҚТЖ 23 мың жүк вагонын "Қазтеміртранс" АҚ-ның басқаруына аударды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2013 жылғы 1 қаңтарға дейін "Қазтеміртранс" АҚ (Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның 100 пайыздық еншілес компаниясы) басқаруына 23 мың жүк вагоны берілді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

ҚТЖ-ның вагондардың мүкәммәл мүлік паркін "Қазтеміртранс" АҚ басқаруына өткізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы көліктік инфрақұрылымын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасына орай жасалып отыр.

2012 жылы "Қазтеміртранс" АҚ иелік етіп отырған вагондармен 17 миллион тонна жүк тасымалданды. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда төрт есеге жоғары көрсеткіш. Басқарудың тиімді түрі арқылы кіріс көлемі 9 млрд. теңгеге жетті.

2012 жылдың қортындысы бойынша жасаған есебінде "Қазтеміртранс" АҚ вице-президенті Ержан Жәкішев бұл табыстың вагон паркін жаңғыртуға жұмсалатындығын хабарлады. 2010 жылы компания 22 мың жүк вагонын алып, вагон паркінің тозығы жету көрсеткішін 2010 жылғы 69 пайыздан 2011 жылы 61 пайызға, 2012 жылы 53 пайызға төмендетті.

Вагондардың мүкәммәл мүлік паркін "Қазтеміртранс" басқаруына беру шараларын 2014 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны