22.02.2008, 10:07 2086

"Қуат" корпорациясының жаңа үйі жаңбыр суына толы

"Қуат" корпорациясының жаңа үйі жаңбыр суына толы

Алматы. 22-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - "Қуат" корпорациясының жаңа үйі бірінші қабатынан жиырмасыншы қабатқа дейін жаңбыр суына толы, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасай отырып.

"Үлескерлер өз пәтерлеріне өткен жылдың шілде айында кірулері керек еді. Олар осы уақытқа дейін құрылысшылардың ғимараттар толығымен аяқталады деген уәделеріне сеніп келген. Қалған жұмыс, бар болғаны, коммуникацияны қосып, соңғы әрлеу жұмыстарын жүргізу еді. Алайда бүгін жаңбыр барлық қабаттарды шайып кетті. Онымен қоймай, лифті де жанып кеткен", - деп хабарлады телеарна.

"Біріншіден жиырмасыншы қабатқа дейін бәрі су. Өздеріңіз қараңыздаршы, барлық су кабель бойымен кеткен. Еш жерде ештеңе жабылмаған. Компания қайда қарап отыр? Қаншама рет қоңырау шалдық, ешкім ештеңеге де жауап бермейді. Ал бүгін тіпті телефон тұтқасын да көтеруді қойды", - деді "Қуат" компаниясының үлескері Серік Еңсенов.

Үлескерлердің айтуынша, жаңа ғимараттарды құтқару жұмыстарымен кім және қашан айналысатынын білу мүмкіндігі тумаған.

"Қуат" компаниясында бүгін шынында да қабылдамайтын күні. Тіпті телефонмен болса да. Үлескерлер шарасыздықтан құтқарушыларға да шағымданған. Алайда, төтенше жағдай қызметкерлері ғимараттарды емес, адамдарды құтқарумен айналысады. Үлескерлердің жақында жаңа үйге кіреміз деген үміттері желге ұшты", - деп хабарлайды телеарна.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны