03.06.2008, 19:28 3388

Курчатовта "Қазақстанның атом энергетикасының жаңа жетістіктері" атты халықаралық конференциясы өтеді

Курчатовта "Қазақстанның атом энергетикасының жаңа жетістіктері" атты халықаралық конференциясы өтеді

Семей. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Курчатовта 11-13 маусым аралығында (Шығыс Қазақстан облысы ) "Қазақстанның атом энергетикасының жаңа жетістіктері" атты халықаралық конференциясы өтеді. Бұл туралы Ұлттық ядролық орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық ядролық орталығының ақпараты бойынша конференция барысында бейбіт атом қуатын пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері тақыланады. Сонымен қатар шараға қатысушылар, " АЭС тиімді жобаларын дайындау және жүзеге асыру", "Ядролық техника нысандарының қауіпсіздігі"," Реакторлық материалдар мен ядролық отын тиімділігін дайындау", "Реакторлардық ядролық физикасы ", " Қазақстанның ядролық-энергетика саласы үшін мамандарды даярлау" тақырыптарына арналған баяндамаларды тыңдап талқылайтын болады.

Конференция жұмысына Қазақстан, жақын және алыс шетелдердің ядролық саласына қатысы бар 30 ұйымның өкілдері қатысады.

Жұмыс ҚР Ұлттық ядролық орталығының атом энергетика институты негізінде "Қазақстан Республикасының ядролық энергетикасы" атты халықаралық конференциясы аясында өткізіледі. Баспасөз қызметі атап өткеніндей, конференция институттың 50-жылдығына арналған.

Қатысушылар конференцияның жұмысы барысында Семей полигонының мұражайы мен алаңына, атом реакторына баруға мүмкіндігі болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны