18.04.2012, 14:09 3315

Құтқарушылар "АрселорМиттал Теміртау" АҚ коксхимөнеркәсібінде өрт сөндіруге машықтанды

Коксхимиялық өнеркәсібінде шыққан өртті сөндіру үшін "Өрт сөндіруші" фирмасының 14-ші өрт сөндіру бөлімі арнайы техникасының 3 жасағы, сондай-ақ 15 адамнан құралған өрт сөндіру тобы келді. Мамандардың пікірі бойынша, каманда үйлесімді әрі нәтижелі жұмыс көрсете білді.

Астана. 18-сәуір. Kazakhstan Today - "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында Еңбекті қорғау күніне орайластырылған өрт сөндіру машығын жетілдіру бойынша кеңауқымды оқу-жаттығу шаралары жүріп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Коксхимиялық өнеркәсібінде шыққан өртті сөндіру үшін "Өрт сөндіруші" фирмасының 14-ші өрт сөндіру бөлімі арнайы техникасының 3 жасағы, сондай-ақ 15 адамнан құралған өрт сөндіру тобы келді. Мамандардың пікірі бойынша, каманда үйлесімді әрі нәтижелі жұмыс көрсете білді.

Өрт сөндіру машығын осы кәсіпорында өрт қауіпсіздігі үшін жауап беретін "Өрт сөндіруші" фирмасының қызметкерлері де шыңдай білді.

Оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізу үшін химиялық өнімдерді илеу цехі бекерге таңдап алынып отырған жоқ. Мамандардың айтуынша, өртқауіпті әрі жиі алаңдаушылық тудыратын дәл осы жер. Тек жыл басынан бері мұнда 10 рет өрт шыққан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны