07.03.2019, 18:45 28558

Маңғыстау тарихын зерттеуге шетел ғалымдары тартылмақ

11-13 наурызда Ақтау қаласында өтетін "Маңғыстаудың тарихи-мәдени мұраларын зерттеудегі жаңа көзқарастар мен перспективалар" Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына орай ұйымдастырылып өткізіледі.

Ақтау. 7 наурыз. Kazakhstan Today - Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" және "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламалық мақалалары аясында "Маңғыстау облысының материалдық және материалдық емес тарихи-мәдени мұралары" Халықаралық ғылыми кешенді экспедициясының қорытындысы бойынша 11-13 наурызда Ақтау қаласында өтетін "Маңғыстаудың тарихи-мәдени мұраларын зерттеудегі жаңа көзқарастар мен перспективалар" Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына орай ұйымдастырылып өткізіледі.

Конференция Ақтау қаласы, "Достық үйі" ғимаратында өтеді деп жоспарлануда.

Конференцияның бағдарламасына сәйкес Түпқараған ауданына қарасты Шақпақ-ата жерасты мешіті және қорымы ескерткішіне жүрмелі семинар ұйымдастыру, облыстық тарихи-өлкетану музейін және Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының экспозицияларын аралау, Ақтау қаласы бойынша экскурсия өткізу, Амал мерекесіне арналған "Ұлы Дала көші" театрландырылған шарасына қатысуы жоспарланған. Конференцияға алыс-жақын шетелдер мен еліміздің ғалымдары қатысатын болады.

Айта кететіні "Маңғыстау облысының материалдық және материалдық емес тарихи-мәдени мұралары" Халықаралық ғылыми кешенді экспедиция барысында Маңғыстау облысында орналасқан Қазақстанның жалпыұлттық маңызы бар сакралды орындары, ноғайлы кезеңінің ескерткіштері, аймақтың шыңырау-құдықтары, археологиялық ескерткіштері зерттелді. Атап айтқанда, 5 жерасты мешіті, 20 құдық-шыңыраулар анықталды, Маңғыстау өңірінің тарихи тұлғалары жайында, салт-дәстүр ерекшеліктері, аңшылық, құдықшылық кәсібі, қолөнері, зергерлік, палуандық өнері, т.б. өлке тарихына қатысты тың мәліметтер жинақталды, анықталған тарихи нысандар туралы архивтік зерттеу, лабороториялық сараптаулар жүргізілді. Ресей, Өзбекстан, Түркия, Карачаево-Черкесск Республикаларына ғылыми іссапарлар ұйымдастырылды. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі, суреттер, сұхбаттар, түсініктемелер 235 беттік фотошежіреге жинақталды.

Сондай-ақ, кешенді ғылыми экспедиция аясында Маңғыстау ауданы Жыңғылды және Құмыра жерінде апаттан-құтқару археологиялық жұмыстар жүргізілді. Зерттеулер барысында б.э. 3-5 ғғ. белгіленетін катакомбалық жерлеулер аршылып зерттелген.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны