22.07.2019, 19:29 11372

Маңғыстауда "Адал ұлан" оқушылар слеті өтті

Осы мақсатта ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылагенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өңірдің жастары арасында "Балдәурен" жазғы демалыс лагерінде "Адал ұлан" слеті ұйымдастырылды.

Нұр-Сұлтан. 22 шілде. Kazakhstan Today - "Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді"демекші адам бойында қалыптасқан адалдық ұғымы қашанда адамның бойында адамгершілікпен жауапкершілік қасиеттерін нығайтады.

Осы мақсатта ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылагенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өңірдің жастары арасында "Балдәурен" жазғы демалыс лагерінде "Адал ұлан" слеті ұйымдастырылды.

Слет мақсаты - "Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер" жобасы аясында азаматтардың бойында адалдық қасиеттерді нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ашылған "Маңғыстау - адалдық алаңы", "Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" жобаларыныңжәне "Адал ұрпақ" клубыныңаясында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Аталған шара "Балдәурен" жазғы демалыс лагерінде өңірдің қала және ауданнан келген оқушылар арасында зияткерлік ойын форматында өткізілді.

Ойынға әр қайсысы 5 мүшеден тұратын 4 команда қатысып, әділ қазылар алқасы бекітілді. Ойын шарты бойынша 3 турдан тұрып, командаларға таңдаулы сұрақтаржәне капитандар сайысы атты кезеңдермен бөлінген сұрақтар қойылды.

Барлық топ мүшелері сайыс барысында белсенділік танытып, берілген сұрақтарға жауап берді.

Сайыс соңында әділ қазылар алқасының шешімімен "Арыстан" тобы 1-ші орынды, "Қыран" тобы 2-ші орынды, "Барыс" тобы 3-ші орынды иеленсе, "Бірлік" тобы сайысқа белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Барлық жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталып, ал лагерь басшылығына департамент атынан алғыс хат табыс етілді.

Осындай шара форматыалдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Себебі, білім саласында жемқорлыққа қарсы мәденениетін қалыптастыруға бағытталған сауаттандыру жұмыстарының нәтижесінде оқушылар бойында "адамгершілік", "парасаттылық" қасиеттері қалыптасатыны анық. Іс-шара жазғы лагерь оқушыларының өнерін және тәрбиешілердің ұйымдастырған флешмобымен аяқталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны