08.07.2015, 15:05 3607

"Мандаринка" гашиш пен марихуананы анықтады

Шекара қызметініӊ "Солтүстік" өӊірлік басқармасына қарасты "Қайрақ-авто" бақылау-өткізу бекетініӊ шекара наряды "Рудный-Челябинск" бағытында жол жүріп бара жатқан "Лада Гранта" автомашинасына шекаралық тексеру жүргізу кезінде "Мандаринка" атты қызметтік иттіӊ 33-жастағы жүргізушініӊ оӊ аяғын иіскеп, тыпыршып кеткендігін байқайды. Оныӊ аяғын тексеру барысында шұлығыныӊ ішінен полиэтиленді шағын пакеттерге салынған жасыл ұнтақтар шыға келді.

Астана. 08 Шілде. Kazakhstan Today - Шекара қызметініӊ "Солтүстік" өӊірлік басқармасына қарасты "Қайрақ-авто" бақылау-өткізу бекетініӊ шекара наряды "Рудный-Челябинск" бағытында жол жүріп бара жатқан "Лада Гранта" автомашинасына шекаралық тексеру жүргізу кезінде "Мандаринка" атты қызметтік иттіӊ 33-жастағы жүргізушініӊ оӊ аяғын иіскеп, тыпыршып кеткендігін байқайды. Оныӊ аяғын тексеру барысында шұлығыныӊ ішінен полиэтиленді шағын пакеттерге салынған жасыл ұнтақтар шыға келді. Өзіндік иісіне, түр-түсіне қарап шекарашылар олардыӊ гашиш және марихуана екендігін анықтады, әрқайсысыныӊ салмағы 15 грамнан болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған дерек бойынша материалдар Қостанай облысыныӊ Қарабалық аудандық ішкі істер бөліміне берілді.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны