28.10.2018, 14:17 4962

Маӊғыстау облысында депутаттар тұрғындармен кездесулер өткізуде

Бүгінгі таӊда компанияныӊ Маӊғыстау облысындағы базасында 300-ге жуық адам еӊбек етуде.

Астана. 28 қазан. Kazakhstan Today - ҚР Мәжіліс депутаты, "Нұр Отан" партиясыныӊ фракция мүшесі Бақтықожа Ізмұхамбетов, Михаил Чирков, Абай Тасболатов және Ахмет Мурадов Маӊғыстау облысыныӊ тұрғындарымен кездесуде.

Депутаттар облыстағы алғашқы кездесуін Мұнайлы ауданыныӊ Қызылтөбе ауылындағы "Шлюмберже" мега-базасынан бастады.

"Шлюмберже" компаниясыныӊ еӊбек ұжымымен кездесуге облыс әкімі Е. Тоғжанов, "Нұр Отан" партиясы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Н. Тумышев қатысты.

Мәжілісмендер жолдаудыӊ басым бағыттарына, оныӊ ішінде әлеуметтік қамсыздандыру саласына баса назар аударды. Атап айтқанда, зейнетақы, жалақы, денсаулық сақтау, білім беру салаларыныӊ қолжетімділігін арттырып, азаматтардыӊ әл-ауқатын жақсартуға ерекше мән берілді.

Кездесуде еӊбек ұжымы халық қалаулыларына өз-ұсыныстарын білдіріп, пікір алмасты.

"Мемлекет басшысы жаӊа Жолдауында келесі жылы жастар жылы деп жариялады. Сондықтан кәсіпорынныӊ жартысына жуығы жастар болғаны бізді қуантады. Сондай-ақ, Президенттіӊ жаӊа технологияларды енгізу, еӊбек өнімділігін арттыру және мұнай-газ секторыныӊ тиімділігін арттыру үшін цифрландыру туралы тапсырмаларыныӊ толыққанды орындалғанын куә болдық", - деді Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Депутат Абай Тасболатов: -Біз Маӊғыстау облысыныӊ біршама мекемелерін аралап шықтық. Соныӊ ішінде "Шлюмберже" мега-базасын ерекше атап өткім келеді. Бұл мекеме мұнай-газ саласы бойынша сандық жүйеге көшуді жолға қойып, қарқынды дамып келеді. Мұнда 300-ден аса адам қызмет атқарады, олардыӊ әлеуметтік жағдайы жақсы екендігімен таныстық, көӊіліміз толды. Себебі біз үшін еӊ басты мәселе қарапайым халықтыӊ әл-ауқатын жақсарту, - деді.

"Шлюмберже" компаниясы әлемніӊ 80-ге жуық елдерінде істейтін, 100 мыӊға жуық жұмыскерлері бар дүниежүзілік ірі мұнай саласындағы қызмет көрсету корпорациясы. "Шлюмберже" сейсмикалық ақпарат пен формацияныӊ дамуы процесі, ұӊғы тесті мен тура бұрғылау, ұӊғы цементтеу мен қоздыру, жасанды көтеру, ұӊғыны аяқтау және консалтинг, бағдарламалар мен ақпаратты басқару сияқты кеӊ ауқымды өнімдер мен қызметтер ұсынады.

Бүгінгі таӊда компанияныӊ Маӊғыстау облысындағы базасында 300-ге жуық адам еӊбек етуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны