21.04.2008, 12:06 1680

Маңғыстау облысының Бекович-Черкасск шағынағында кемелер қозғалысын басқару жүйесін құру жоспарланып отыр

Маңғыстау облысының Бекович-Черкасск шағынағында кемелер қозғалысын басқару жүйесін құру жоспарланып отыр

Ақтау. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Маңғыстау облысының Александр Бекович-Черкасск шағынағында 2008-2009 жылдары кемелер қозғалысының басқару жүйесін (КҚБЖ) құру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР көлік және коммуникация министрінің вице-министрі Азат Бектұров құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оның сөздері бойынша, КҚБЖ жүзеге асыру үшін шамамен 400 млн теңге қажет. Оның қаржыландыруы республикалық бюджеттен жасалады.

КҚБЖ қызмет көрсетілетін кемелерге және тиісті ұйымдарға ақпарат беру, тарату, жинаудың орталықтандырылған жүйесі болады. КҚБЖ өзендерді, теңіз фарватерлерінде, теңіз- өзен порттары аймақтарында орналасып екі міндетті атқаратын болады. Бірінші- кемелердің қозғалысын реттейтін диспетчерлік міндеті болса, екіншісі -кемелер қозғалысының лоцмандық бақылауын жасау.

Жүйе жұмысы форттар мен порттардың техникалық жұмысының тиімділігін көтеріп, су ортасының ластануы және апаттарды алдын алуға, қозғалыстардың қарқындылығы кезінде су жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталады.

А. Бектұров атап өткеніндей, КҚБЖ құрудың мақсаты-ластануды алдын алу және пайдаланылатын кемелердің қауіпсіздігін басқару жөніндегі халықаралық кодекс талаптарын орындап, Каспий теңізіндегі Қазақстан секторындағы кемелердің техникалық қозғалысын бақылап оны реттеу.

Ол атап өткеніндей, КҚБЖ жолды көрудің мүмкіндігі төмендеген кезде кемелердің тоқтап тұруы және уақтылы ақпарат берілмегендіктен лоцманды күтудің уақыты азайтылады. Бұл өз кезегінде кеме иелері мен жағалаудағы бірқатар ұйымдардың шығындарын кемітеді. КҚБЖ сондай-ақ жылына 5 мың кеменің жүруін үйлестіріп, 25 теңіз миль аумағында кеме қозғалысының қауіпсіздігін бақылауға мүмкіндік береді.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Қазақстанда су көлігінің инфрақұрылымын дамытудың бюджеттік бағдарламасы бар. Бағдарлама аясында КҚБЖ Ақтау портында, Түрқараған шығанағында, Орал-Каспий бассейнінде құру жоспарланған. КҚБЖ құру үшін республикалық бюджеттен 3 млрд 150 млн теңге бөлінеді.

Бағдарламаны жүзеге асыру арқылы, кемелердің жүру тиімділігі арттырылып, теңіздегі жануарлардың қауіпсіздігі мен жағалауға жақын жатқан аймақтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны