11.10.2018, 13:54 5320

Маӊғыстауда 600 бизнес өкіліне салықтық амнистия қарастырылады

Амнистия салық берешектері ағымдағы жылдыӊ 1 қаӊтарына дейін пайда болып, 1 қыркүйекке дейін төленбеген жағдайда ғана жүргізіледі.

Ақтау. 11 қазан. Kazakhstan Today - Ақтауда өӊір басшысы Ералы Тоғжановтыӊ қатысуымен облыс активініӊ жиналысы өтті. Жиын барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Қазақстандықтардыӊ әл-ауқатыныӊ өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру"атты жаӊа Жолдауында айтылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін қажетті шаралар айқындалды.

Аймақ басшысы Жолдаудағы бірінші басымдық халық табысыныӊ өсуі екенін атап өтті. 28 мыӊ бюджет қызметкерініӊ еӊбекақысы орта есеппен 35% - ға өседі. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі 25 000 адам үшін төлем мөлшері ұлғайтылатын болады. Сондықтан Ералы Тоғжанов барлық бюджеттік мекемелерге, жалақыны көтеру туралы есепті экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына дереу ұсынуды тапсырды.

Бәсекелестікті дамыту және монополистік компаниялардыӊ тарифтерін реттеу мәселесі бойынша облыс әкімі монополияға қарсы Департаментке қалалық және аудандық әкімдіктермен бірлесе отырып, тұрғындардан жиналған қаражатты тиімді пайдалану бойынша монополистер мен ПИК-ке тексеру жүргізуді тапсырды.

"Сонымен бірге, Елбасы шағын және орта бизнес үшін салық амнистиясын жүргізуге тапсырма берді. Бұл - өсімақылар мен айыппұлдарды есептен шығару деген сөз. Негізгі критерий - тек адал салық төлеушілер үшін амнистия жарияланады. Амнистия салық берешектері ағымдағы жылдыӊ 1 қаӊтарына дейін пайда болып, 1 қыркүйекке дейін төленбеген жағдайда ғана жүргізіледі.Мемлекеттік кірістер департаментініӊ деректері бойынша, шамамен 600 шағын және орта бизнес субъектісі амнистияны қолдана алады. Осы департаментке кәсіпкерлік және сауда басқармасымен, қала және аудан әкімдерімен бірлесіп, салықтық амнистияға түсетін шағын және орта бизнес субъектілерімен тиісті жұмысты жүргізуді тапсырамын"-деді Ералы Тоғжанов.

Агроөнеркәсіптік секторды дамытуға мемлекет бөлген қаражат, бірінші кезекте, өӊірдегі жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы басқармасы Министрлікпен қажетті қаражат бөлу мәселелері бойынша тиісті жұмыс жүргізуі қажет. Бұл қаражат бірінші кезекте өӊірді жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету көрсеткішін арттыруға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы басқармасы қажетті қаражатты облысқа бөлу бойынша Министрлікпен тиісті жұмыстар жүргізуі қажет.

Сонымен бірге, "Атамекен" өӊірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп ауыл кәсіпкерлеріне арналған оқыту картасын әзірлеуді, сондай-ақ қаржы институттары арқылы қаржыландырылатын жобаларды жандандыруды тапсырамын.

"Елбасы инновацияны дамытуға ерекше назар аударуды тапсырды.Еӊ алдымен баламалы энергетиканы, жаӊа материалдарды, биомедицинаны және басқа да бағыттарды ілгерілетуді қамтамасыз ету қажет. Ол үшін облысымызда бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ:Батыр ауылында қуаты 2 Мвт күн электр станциясы пайдалануға берілді;Маӊғыстау және Түпқараған аудандарында жел және күн электр станцияларыныӊ құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, мұнай компаниялары инновациялық жобалар бойынша үлкен жұмыстарды қолға алуда"-деді облыс әкімі.

Жиынға қатысқан бизнесөкілдері, ұстаздар қауымы мен жастар жағыжолдауда айтылған мәселелерге қатысты өз ойларынортаға салды.Кәсіпкер Надежда Карась кәсіпкерлерді дамытуға және қолдауға ерекше көӊіл бөлінгенін атап өтті. ШОБ үшін несиелендірудіӊ қол жетімділігі мәселесі ерекше маӊызды: "біз несиелеуге қол жеткізгенде өндірісті дамытуға және жаӊғыртуға дайынбыз. Екінші деӊгейдегі банктермен ұзақ мерзімді қаржыландыру бойынша жұмыс істеу қиын, пайыздық мөлшерлемелер өндірісті дамытуға мүмкіндік бермейтін жоғары, сондықтан Президенттіӊ бұл мақсаттағы халық тұтынатын тауарларды шығаратын жобаларға 600 млрд.теӊге бөлінетіндігі туралы шешімі өте өзекті және уақтылы. Бұл шешім отандық өндірістіӊ дамуына серпін береді" деді.

Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны