19.02.2015, 13:06 4176

Маӊғыстауда оқушылар екпеден кейін жаппай естерінен танып жатыр

Маӊғыстау облысында оқушылар қызылшаға қарсы екпеден кейін жаппай естерінен танып жатыр. Кешеден бері Жаӊаөзен ауруханасына 30 бала түсті. Олардыӊ 8-і жансақтау бөлімінде жатса, тағы екеуі жедел жәрдеммен Ақтауға жіберілген. Барлығына "екпеден кейінгі реакция" деген диагноз қойылды. Күні кеше ғана дәл осындай Үндістанда шығарылған екпе теміртаулық жеткіншектерді сұлатқан еді

Маӊғыстау. 19 ақпан. Kazakhstan Today - Маӊғыстау облысында оқушылар қызылшаға қарсы екпеден кейін жаппай естерінен танып жатыр. Кешеден бері Жаӊаөзен ауруханасына 30 бала түсті. Олардыӊ 8-і жансақтау бөлімінде жатса, тағы екеуі жедел жәрдеммен Ақтауға жіберілген. Барлығына "екпеден кейінгі реакция" деген диагноз қойылды. Күні кеше ғана дәл осындай Үндістанда шығарылған екпе теміртаулық жеткіншектерді сұлатқан еді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жаӊаөзен қалалық ауруханасында кешеден бері тыным жоқ. Мектеп оқушыларын сәт сайын жеткізіп жатыр. Олардыӊ көбі қала шетіндегі № 18 мектеп оқушылары. Арасында колледж студенттері де бар. Бұлардыӊ бәріне қызылшаға қарсы вакцина егілген. Ал 45 минут өтккеде балалар естерінен танып, сұлай бастапты, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

Төлеген Құлшаров, оқушыныӊ атасы:

-Басы ауырып, жығылып қалған. Сонда салма десе, бұлар салып бастапты. Соныӊ ішінде меніӊ немерем бар. 11 сыныпта оқиды. Өзі әлсіз бала еді. Үйге алып кетіп едік. Түнде тағы қайталанды. Келсек тек біздіӊ бала емес, кілеӊ қыз балалар түсіпті.

Оқушылардыӊ біразы терапия бөлімінде жатыр. 8 баланы жансақтау бөліміне ауыр халде жеткізген. 2 оқушыны жедел жәрдем көлігімен Ақтауға жөнелтілді. Соныӊ бірі Аққағаз Самаликованыӊ қызы. Ата-аналардыӊ айтуынша, жансақтау бөіліміндегі балалардыӊ көбі ес-түссіз жатыр.

Аққағаз Самаликова: оқушыныӊ анасы:

-Салғаннан 10 минуттан кейін, қолы қалтырап, аяғы қалтырапты. Терапияға алып келіп, 3 сағат күттім. 3 рет тісін тістеп , қалтырап, аузын әреӊ аштым.

Вакцинадан соӊ, оқушылар бастары ауырып, жүрегі айнып, аяқ-қолдары ұи бастаған. Барлығына инекциядан кейінгі реакция деген диагноз қойылды. Дәрігерлер олардыӊ жағдайы орташа тұрақты,-естерінен танған жоқ, бәрі ұйқыда дейді.

Айнагүл Қуатбаева, Санитарлық эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- тәжірибелік орталығыныӊ бөлім басшысы:

-Организмге түскен антигенніӊ әсерін төмендету үшін,препарат қоладнылады дәрігер рұқсатымен. Осы препарат әсерінен балалар ұйқылды ояу жатады.

Қызылшаға қарсы вакцина Үндістанда шығарылған. Маӊыстау облысы бойынша 35 мыӊнан астам балаға , соныӊ ішінде 6 мыӊ жасөспірімге салыну керек еді. Қазір Жаӊаөзенде вакцина егу уақытша тоқтатылды. Дәрі Алматыға сараптамаға жіберілген. Дәл осындай жағдай бірнеше күн бұрын Қарағанды облысыныӊ Теміртау қаласында орын алған еді. Онда да осы қызылшаға қарсы екпе алған колледжіӊ 18 студенті ауруханадан бір-ақ шықты. Қазір осы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып тергеу жүріп жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны