31.03.2010, 13:50 6566

Мароккода шейх Ахмед бен Заид Аль Нахайянның мәйіті табылды

Мароккода шейх Ахмед бен Заид Аль Нахайянның мәйіті табылды

Алматы. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Илемдегі аса ірі инвестициялық қорлардың бірі - Abu Dhabi Investment Authority (ADIA) қорының басшысы, Біріккен Араб Имірліктері президентінің інісі шейх Ахмед бен Заид Аль Нахайянның мәйіті Мароккода табылды. Шейх осыдан 5 күн бұрын жоғалып кеткен болатын. Бұл туралы ақпаратты бүгін Біріккен Араб Имірліктерінің мемлекеттік ақпараттық агенттігі таратты, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік ақпаратына сәйкес, шейхтің мәйіті таңертең ерте "Сиди Мохаммед бен Абдалла" Су электр станциясының тоғаны маңынан судан табылған. Іздестіру-құтқару жұмыстарына 100-ден астам құтқарушы, 4 дәрігер мен үш тікұшақ жұмылдырылған. Ақпараттық агентіктің хабарлауынша, шейх қаза тапқан, оның мүрдесі отанына жеткізіліп, 31 наурызда жерленеді.

Шейх Ахмед бен Заид Аль Нахайян осыдан 5 күн бұрын авиаапат салдарынан жоғалып кеткен болатын. Оқыс оқиға Марокко аумағында болған. Ресми мәліметке сәйкес, ішінде шейх пен ұшқыш қана бар жеңіл ұшақ су қоймасына құлаған. Ұшқыш құтқарылғанымен, шейхтің мәйіті кеше ғана табылды.

Ахмед бен Заид Аль Нахайян - әлемдегі ең ауқатты адамдардың бірі. Абу-Даби ешқашан ресми түрде Abu Dhabi Investment Authority (ADIA) қорының активтерінің мөлшері жайлы жария етіп көрмеген. Алайда, сарапшылардың бағалауынша, оның көлемі 650 млрд доллардан асады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны