24.02.2010, 16:40 3445

Мәжіліс депутаты Қазақстан нарығындағы дәрілік заттарға қатысты ахуалды былыққа балады

Мәжіліс депутаты Қазақстан нарығындағы дәрілік заттарға қатысты ахуалды былыққа балады

Астана. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Палатаның бүгін өткен жалпы отырысында мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев Қазақстан нарығындағы дәрілік заттарға қатысты ахуалды былыққа балады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мен үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың атына Қазақстан нарығындағы дәрілік заттарға қатысты былықшылық ахуал бойынша сауал жолдап отырмын", - деді М. Тінікеев.

"Медициналық мекемелерді ақысыз медициналық көмектің мемлекет кепілдендірген көлемі аясында қол жетімді бағаға дәрілермен тікелей қамтамасыз етумен шамамен бір жыл уақыттан бері СҚ "Фармация" компаниясы шұғылданып отыр, алайда орталықтандырылған сатып алуды СҚ "Фармацияға" бергелі науқастар емдеу мекемелеріндегі дәрі-дәрмек тапшылығына байланысты қиындықтарға ұшыратып отыр", - деді депутат.

Оның айтуынша, "соның салдарынан кейбір фармацевтикалық өнім жеткізушілер медицина саласындағы шенеуніктердің жайбасарлығын бас пайдасына жаратып, тапшылықты бағаны көтеру арқылы пайда көзіне айналдыруды шешкен".

"Фармацевтикалық өнімдердің сапасына айрықша назар аударғым келеді. Емдеуі қиын аурулармен ауырған науқастардың мүддесін қорғаушы үкіметтік емес ұйымдар дәрілік заттарды сатып алуда немқұрайды көзқарастан бас тартуға шақыруда", - деді мәжіліс депутаты.

Оның айтуынша, "Фармация" сатып алу жұмыстары кезінде дәрінің сапасы мен тиімділігіне емес, бағасына назар аударады". М. Тінікеев лейкемиямен ауыратындарға арнап дәрілік заттарды сатып алуға қатысты ахуалды мысалға келтірді.

"Лейкемиямен ауыратындарға арнап дәрілік заттарды сатып алуда ең әлсіз препарат сатып алынған. Ол өз кезегінде науқастың қанындағы зияндысымен қатар пайдалы заттарды да жояды, ал лейкозды емдеудің бұдан да тиімді дәрілері бар", - деді ол.

"Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, халықтың өмірі мен денсаулығына қатысты мәселе қозғалып отырғандықтан, науқастарға арнап сапалы дәрі-дәрмектер сатып алу мен дәрілік заттарды сатып алу функцияларын Денсаулық сақтау министрлігіне беру жағын қарастыруды сұраймын", - деді депутат.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны