24.06.2009, 17:31 2595

Мәжіліс депутаты Оңтүстік Қазақстан облысындағы осыдан 30 - 40 жыл бұрын салынған газ құбырларының апатты және қолдануға жарамсыз жағдайда тұрғанын хабарлап сауал жолдады

Мәжіліс депутаты Оңтүстік Қазақстан облысындағы осыдан 30 - 40 жыл бұрын салынған газ құбырларының апатты және қолдануға жарамсыз жағдайда тұрғанын хабарлап сауал жолдады

Астана. 22 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаты Оңтүстік Қазақстан облысындағы осыдан 30 - 40 жыл бұрын салынған газ құбырларының апатты және қолдануға жарамсыз жағдайда тұрғанын хабарлап депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мәжілістің жалпы отырысында депутат Розақұл Халмұрадов Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовке Оңтүстік Қазақстан облысындағы осыдан 30 - 40 жыл бұрын салынған газ құбырларының апатты және қолдануға жарамсыз жағдайда тұрғанын хабарлап депутаттық сауал жолдады.

"Біздің депутаттық сауалымызға еліміздің ең ірі өңірлерінің бірі және халқы өте тығыз орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысындағы осыдан 30 - 40 жыл бұрын салынған газ құбырларының аппатты және қолдануға жарамсыз жағдайы себеп болып отыр. Қазіргі таңда бұл өңірдегі газ құбырлары жаппай күрделі жөндеуді талап етуде. Атап айтсақ, газ құбырларының 30 пайыздан астамы апаттық, ал 60 пайызға жуығының қолдану мерзімі асып кеткен, яғни қолдануға жарамсыз жағдайда",- делінген хатта.

Депутаттың айтуынша, қазір бөлініп жатқан азғана қаражат, тек қана газ желілерінің жұмысын қалпында ұстап тұруға және құбырлардың апаттық бөліктерін ауыстыруға ғана жұмсалуда, яғни жалпы проблеманы түбегейлі шешуге жетпейді. Сондай ақ, жер астымен жүргізілген газ құбырлары да тездеп тозуда, ол құбырлардың 40 пайыздан астамы электрохимиялық қорғану жүйесісіз жұмыс істеп тұр.

Сол өңірдегі газ мамандарының айтуынша 2008 жылдың өзінде 200 ге жуық жер асты газ құбырларының тесіктері анықталып оларды жойған болса, үстіміздегі жылдың бес айында дәл сондай 130 жағдай тіркелген. Осылардың салдарынан өңірдегі газ тұтынушыларға газбен қамтамасыз ету жұмысы 200 мәрте тоқтатылған.

"Облыстағы, әсіресе Шымкент қаласындағы газ құбырларының жағдайы, жиі-жиі болып жатқан апаттық жағдайлар тұрғылықты халықты өте алаңдатуда. Егер бұл мәселелер ескеріліп, назарға алынбайтын болса, келешекте бұл газ құбырларының одан әрі қолдануларының ақыры техногендік апатқа, тіпті адам шығындарына алып келуі әбден мүмкін",- делінген хатта.

"Облыс деңгейінде бұл мәселені әзірше шешуге мүмкіншілік жоқ. Сондықтан алдағы жылдары газ құбырларын апатсыз, үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін "ОҚО газтарату желісін модернизациялау" жобасының бірінші кезеңін бастауға қаржы бөлу мәселесін қарастыруыңызды сұраймыз",- деп жазады депутаттар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны