09.07.2010, 17:40 20134

Мексика шығанағындағы апатты бұрғыдан төгілген мұнай Миссисипи штатының батпағына жетті

Б. Скеллидің айтуынша, Миссисипи жағалауын 2005 жылғы Катрина дауылынынан келген шығыннан кейінгі ең үлкен зұлмат күтіп тұр. Қазіргі уақытта мұнай қабатын тек жағалаулардан ғана емес, жағадағы жолдардан да кездестіруге болады. ал балықшылар болса, жағадағы батпақтардан аулаған шаяндардың барлығы да өлі екенін айтуда.

Алматы. 9-шілде. Kazakhstan Today - Мексика шығанағындағы апатты бұрғыдан төгілген мұнай Миссисипи штатының көптеген жан-жануарлар мекен ететін батпағына жетті. Бұл туралы бейсенбі күні Лонг Бич қаласының мэрі Билли Скелли мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Б. Скеллидің айтуынша, Миссисипи жағалауын 2005 жылғы Катрина дауылынынан келген шығыннан кейінгі ең үлкен зұлмат күтіп тұр. Қазіргі уақытта мұнай қабатын тек жағалаулардан ғана емес, жағадағы жолдардан да кездестіруге болады. ал балықшылар болса, жағадағы батпақтардан аулаған шаяндардың барлығы да өлі екенін айтуда.

Соңғы күндері, экологтардың айтуынша, үстін мұнай қаптаған теңіз құстары айтарлықтай өсіп кеткен. "Мұнай біздің ішкі батпақтарға еркін өтуде. Шынын айту керек, біз бұлай жылдам болады деп күткен жоқпыз", - деп атап көрсетті Миссисипидің төтенше жағдайлар агенттігінің төрағасы Брайан Адам.

Естеріңізге сала кетсек, 2010 жылдың 20 сәуірінде British Petroleum басқаруындағы Deepwater Horizon платформасында метан жарылған болатын. Екі күн өткен соң платформа суға батқан. Ал бір жарым шақырым тереңдікте зақымданған бұрғыдан мұнай атқылай бастаған. Апат кезінде Мексика шығанағына бірнеше миллион литр мұнай төгіліп, ол бұл апатты АҚШ тарихындағы ең ірі мұнай апатына айналдырды. Зақымданған бұрғыны ең берісі жаз соңында ғана бітеудің амалы болады деп күтілуде.

Мексика шығанағындағы апат British Petroleum-нің беделі мен қаржылық жағдайына аса үлкен нұқсан келтірді. Апат салдарын жоюға кеткен шығындардан бөлек BP өткен айда болашақ шығындар мен төлемдерге арнап 20 млрд АҚШ доллары көлеміндегі қор жинақтады. Сарапшылардың бағалауынша, жалпы шығын 60 млрд АҚШ долларына жетуі ықтимал. Deepwater бұрғылау платформасындағы апат басталғалы British Petroleum-нің капиталдық шоғырлануы 50 пайызға түсіп кетті. Баспасөз құралдарында ВР бәсекелестерінің бірі тарапынан жұтылуы ықтимал және концерн банкроттыққа ұшырайды деген сөздер шыға бастады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны