02.01.2017, 13:07 3810

Мемлекет басшысы Қарағанды облысы Шахан кентінде болған төтенше жағдайға байланысты көӊіл айтты

Қазақстан Президенті Қарағанды облысыныӊ әкіміне, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдарға зардап шеккен тұрғындардыӊ бәріне жан-жақты көмек көрсету үшін тиісті шаралар қабылдап, төтенше оқиғаныӊ себебін анықтау жөнінде тапсырма берді

Астана. 2 қаӊтар. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Қарағанды облысы Шахан кентінде болған төтенше жағдайға байланысты көӊіл айтты,- деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысы Қарағанды облысы Шахан кентінде көп пәтерлі үйдіӊ кіреберісі құлап, адам шығынына әкеп соқтырғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардыӊ туыстары мен жақындарына көӊіл айтып, зардап шеккендердіӊ тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Қазақстан Президенті Қарағанды облысыныӊ әкіміне, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдарға зардап шеккен тұрғындардыӊ бәріне жан-жақты көмек көрсету үшін тиісті шаралар қабылдап, төтенше оқиғаныӊ себебін анықтау жөнінде тапсырма берді",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны