01.07.2009, 10:01 1418

Мемлекеттік хатшы ТМД мемлекеттерінің ұлттық ақпарат агенттіктері басшыларының кеңесі мүшелерімен кездесу өткізді

Мемлекеттік хатшы ТМД мемлекеттерінің ұлттық ақпарат агенттіктері басшыларының кеңесі мүшелерімен кездесу өткізді

Астана. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ақордада кеше мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев ТМД мемлекеттерінің ұлттық ақпарат агенттіктері басшыларының кеңесі мүшелерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, аталмыш топ 1995 жылы Достастықтың мемлекет басшылар кеңесінің шешімімен құрылған. Сол кезден бері ол қатысушы елдер арасында ақпарат ағынын кеңейту жолында біраз еңбек атқарып үлгерген. Кеңестің кезекті отырысы 29-30 наурыз күндері Астанада өткен еді.

Кездесу барысында Қ.Саудабаев атап өткендей, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия кеңістігендегі интеграцияны дамыту және ТМД-ны таратпай, керісінше ұйымның әлеуетін толық пайдалалану мақсатында тиімді реформалауға шақыратын көкейкесті бастамалары халықаралық қауымдастықтың ыстық ықыласына бөлінуде. Көптеген саяси сарапшылар Достастық мемлекеттері арасындағы ықпалдастықтың ең қолайлы бағыты ретінде мәдени-гуманитарлық салаға назар аударады. Ал бұл дегеніңіз көршілеріміздің тіршілігінде орын алып жатқан оқиғалар мен үрдістер жайында хабардар болуды талап етеді. Осы орайда өз елдерінде баспалық және электронды БАҚ үшін тиімді ақпарат көзі болып табылатын ұлттық ақпарат агенттіктерінің алар орны ерекше.

"Жаһандану кезеңінде посткеңестік мемлекеттер арасындағы интеграцияның ерекше бір артықшылығы ретінде елдерімізді жақындастыратын ортақ тарихи және мәдени мұрамызды атамаса болмайды. Бірақ біздің біртұтас мемлекет құрағанымызды тек тарих оқулықтарынан ғана білетін тәуелсіздігімізбен құрдас жаңа ұрпақтың өсіп келе жатқанын да ескеруіміз міндет. Сондықтан тарихи тағдырлары іспеттес көрші халықтар арасында достықты бүгінгі жастар арасында белсенді түрде насихаттаудың маңызы зор", - деді Қ.Саудабаев.

Осындай баянды саясаттың үлгісі ретінде Қазақстандағы ұлтаралық пен дінаралық ынтымақты атауға болады. Сан түрлі этнос пен конфессия өкілдері арасындағы өзара түсіністікті нығайтудағы бірегей институт болып табылатын Қазақстан халқы ассамблеясының қызметі, еліміздің әлеуметтік тұрақтылығы, ұлтаралық бейбітшілік пен жарастықты уағыздау тәжірибесі тек қана ТМД аймағында емес, жалпы ЕҚЫҰ кеңістігіндегі басқа да мемлекеттерде қызығушылық туғызуда. Қазақстанның тұңғыш президентінің осы бағыттағы саясатының тағы бір жарқын мысалы ретінде Астанада ашылатын Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 3-ші сьезін де атаған жөн.

Кездесу соңында мемлекеттік хатшы кеңес мүшелеріне жаңа табыстар тілей отырып, қызметтері Еуразия кеңістігіндегі достық пен ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны