12.02.2018, 21:04 5046

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде "қызметтік куәліктердіӊ" орнына арнайы ID-карталар енгізілуде

Қаӊтар айыныӊ соӊында өткен Алқа отырысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ төрағасы мемлекеттік қызметкерлерге ID-карталарды міндетті түрде енгізу қажеттілігі туралы атап өткен болатын

Астана. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде барлық қызметкерлер үшін пилоттық тәртіпте ескірген "қызметтік куәліктердіӊ" орнына арнайы ID-карталар енгізілуде.

Қаӊтар айыныӊ соӊында өткен Алқа отырысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ төрағасы мемлекеттік қызметкерлерге ID-карталарды міндетті түрде енгізу қажеттілігі туралы атап өткен болатын.

"Жаһандық өзгерістерге ену үшін, күнделікті әдеттерді өзгертуіміз қажет. Біздіӊ алғашқы қадамымыз болып, қажетті мақсатта қолданылмайтын және ескірген әдеттегі "қызметтік куәліктерден" бас тарту болып табылады. Олар бірнеше функциялардан тұратын заманауи ID-карталарымен алмастырылады",- деп мәлімдеді.

Мұндай карталарды пайдалану функционалдық міндеттердіӊ кейбірін тиімді орындауға мүмкіндік береді (деректерді сақтау, объектілер мен ғимараттарға еркін кіру және т.б.), сондай-ақ мемлекеттік органныӊ және мемлекеттік қызметшініӊ ерекше қызметік мәдениетін айқындап көрсетеді.

Бұл жағдайда қызметтік ғимараттарға кіру үшін қолданыстағы қызметтік куәліктер мен магниттік карталардыӊ орнына ID-карталарды енгізу ұсынылады. Енгізу арқылы қызметтік куәліктерді теріс пайдалану, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту, сондай-ақ бюджет шығындарын оӊтайландыру жоспарланған. (қызметтік куәліктердіӊ жасау құны, ID-карталарды жасау құнынан кемінде бес есе жоғары).

Қазақстанда мұндай карталарды пайдалану мемлекеттік қызметшілердіӊ тәртіптілігін арттыруға және азаматтардыӊ тануы арқылы, мемлекеттік қызметтердіӊ сапасын арттыру күтілуде.

Аталмыш ID-карталарды пайдалану тәжірибесі АҚШ, Ұлыбритания, Филиппин, Сингапур және Үндістан сияқты елдерде қолданылуда.

Мысалға, Малайзияныӊ тәжірибесі көрсеткендей,карточкалардыӊ қолданылуы халыққа жүгінуге болатын мемлекеттік қызметшілерді анықтауға көмектесіп, сондай-ақ мемлекеттік қызметшініӊ қызметтерді көрсету кезінде әдепсіздік немесе біліксіздік танытқан, сонымен қатар сыбайлас жемқорққа жол берген жағдайда шағымдануға көмектеседі.

Бүгінгі күні ID-карталар Агенттіктіӊ барлық қызметкерлер үшін пилоттық тәртіпте енгізілді.

Тәжірибе оӊ нәтиже берген жағдайда, ID-карталармен алдағы уақытта барлық мемлекеттік органдардыӊ қызметкерлері иемденуі қажет болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны