20.04.2012, 13:42 4146

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жетілдіру жолдары қаралды

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жетілдірудің жолдары бүгін "Нұр Отан" ХДП бастамасымен өткен республикалық қоғамдық кеңесте кеңінен талқыланды.

Астана. 20-сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жетілдіру жолдары қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жетілдірудің жолдары бүгін "Нұр Отан" ХДП бастамасымен өткен республикалық қоғамдық кеңесте кеңінен талқыланды.

Парламент Мәжілісінің депутаты Рауан Шаекин төрағалық ететін кеңесте ел үкіметі әзірлеген "Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы" заң жобасы қаралды. Сала мамандары, халыққа қызмет көрсету орталықтарының сапасы әлі де сын көтермейтінін алға тартты. Ел азаматтары қажет құжаттарын рәсімдеуде көптеген қиындыққа тап болады. Оған сауатсыз мамандардың, ұзын-сонар кезек сынды келеңсіз жайттардың кесірі тиіп отыр, - деді олар. Сондықтан, мемлекеттің қызметке қатысты Заң жобасында мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімдігін жан-жақты қарастыру қажет, - деді кеңес төрағасы.

"Автокөліктің куәлігін алу үшін, автокөліктерті тіркеу үшін қызмет көрсету орталықтары арқылы жүргізу керек деген. Соның барлығы осы заңның ішінде болуы қажет. Заңды ұсынып отырған үкімет. Біз бүгін осы заңды партияда, кеңесте шақырып отырмыз өкілдерін осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты орган. Жаңа байқап отырсыздар, шикіліктер көп. Өкілетті орган біреу ме, үшеу болу керек пе дегендей? Сондай сұрақ туып отыр. Мұның барлығы не үшін жасалып жатыр. Ертең әрбір мемлекеттіктің тұрғыны келген өкілетті органды сол жерде мемлекеттік қызметін алу керек",- деп мәлім етті парламент мәжілісінің депутаты Рауан Шаекин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны